Жастарға Конституция кітапшаларын сыйлап, құқықтарын түсіндірді

075.jpg

Түркістан облысы әкімінің тапсырмасымен тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру мақсатында тәртіп сақшылары 30 тамыз – Конституция күні мерекесі қарсаңында кәмелет жасқа толған жастарға төлқұжаттарын табыстай отырып, Қазақстан Респубkикасы Конституциясы кітапшаларын сыйға тартты. Халыққа қызмет көрсету орталығына келген жастарға ел Конституциясын сақтаудың маңыздылығын түсіндіріп, олардың өзі мен өзгелердің құқықтарын құрметтейтініне сенім білдірді.
«Еліміздің басты мерекелерінің бірі – Конституция күні! Ата Заңның арқасында біз құқықтарымыз бен бостандықтарымызды сенімді қорғаудамыз. Елімізде еркін өмір сүріп, өз әлеуетімізді жүзеге асыра аламыз. Бірақ, Конституция тек құқық қана емес, сонымен бірге әрбір азаматтың борышы болып саналатын міндеттер жиынтығы екенін ұмытпауымыз керек. Осы заң жинағын оқып, мақтанышпен алып жүріңіз. Өз еліңіздің патриоты болыңыз!»- деп тілектерін жеткізді. 
Одан кейін сақшылар мүмкіндігі шектеулі бірқатар жасөспірімдердің үйіне арнайы барып, шетелге шығуға арналған дайын төлқұжаттарын табыстады. 
Өз кезегінде кәмелет жасына толған жастар өмірлеріндегі маңызды құжаттарын сақшылардың қолынан ерекше түрде алғаны үшін ризашылықтарын жеткізді. Арасында Диас есімді жас жігіт, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін ішкі істер саласын таңдап, болашақта полиция қатарын толықтыратынын сеніммен жеткізді.
Осылайша облыстың полицейлері алғашқы төлқұжаттарын алған Қазақстан азаматтарын Конституция күнімен құттықтай отырып, елімізге амандық, жұртымызға тыныштық тіледі.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үш күнде анықталған 12 мас жүргізуші 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды
  • Жас жігітті ұрған бұзақы ұсталды
  • Көліктерден ақша ұрлап, істі болды
  • Полиция құрылыс құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады
  • Полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады