Смартфон ұрлап сақшылардан сытылып кете алмады

смартксен.jpg

Түркістан облысы басшысының қылмыстың ізін суытпай ашу туралы тапсырмасын орындау барысында тәртіп сақшыларының өңірде құқық бұзушылықтарды жеделдете анықтауы көбейді. Соның бірін Түркістан қаласының полиция қызметкерлері ашты. 
Полицияның 102 пультіне саябақта телефон ұрлаған жөнінде жергілікті тұрғыннан хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары серуендеу кезінде белгісіз біреу жәбірленушіден құны 40 мың теңге тұратын "Самсунг" телефонын ұрлап кеткенін анықтады.
Қалта ұрысын ұстау мақсатында полицейлер саябақ аумағын және жақын маңдағы аулаларды аралап, куәгерлер мен өтіп бара жатқан адамдардан сұрастырып, бейнебақылау камераларын тексерді. Қабылданған шаралар нәтижесінде Түркістан қалалық ПБ полиция қызметкерлері "ізін суытпай" күдікті ретінде Кентау қаласының тұрғынын ұстады. Тәртіп сақшылары ұсталған азаматтан ұрланған телефонды тәркілеп алып, заңды иесіне қайтарды.
Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы "Ұрлық" бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қолхатта. Тергеу ер адамның басқа қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болуды және ақша мен құнды заттарды қараусыз қалдырмауды ұсынады. Дүкендерде, базарларда және тұрғын үйлерде мүмкіндігінше бейнебақылау камералары мен күзет дабылын орнатыңыздар. Сондай-ақ, саябақтарға, базарларға және басқа да қоғамдық орындарға барған кезде ақша мен ұялы телефондарды көпшілік алдында көрсетпеңіз. Бұл құнды заттар мен ақшаны оңай ұрлай алатын ұрылардың назарын аударуы мүмкін. Егер сіз бөтеннің мүлкін ұрлаудың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияның 102 телефонына хабарласыңыз.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үш күнде анықталған 12 мас жүргізуші 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды
  • Жас жігітті ұрған бұзақы ұсталды
  • Көліктерден ақша ұрлап, істі болды
  • Полиция құрылыс құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады
  • Полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады