Түркістан облысы әкімінің алаяқтықтың алдын алу және қылмысты жедел ашу арқылы тұрғындардың құқықтарын қорғау туралы тапсырмасы жүйелі түрде жүзеге асуда. Соның бірі – құқық қорғау органдары қызметкерлері құрықтаған Мақтарал ауданында 30-ға тарта адамды алдап, алаяқтықпен жәбірленушілердің ақшаларын иемденген әйел сот үкімімен үш жарым жылға сотталды.
Биыл сәуір айының соңында тәртіп сақшылары «жұмысқа орналастырамын» деп 30-ға жуық тұрғынды алдаған алаяқ әйелді ұстаған болатын. Егде жастағы азаматша ешқайда тіркелмеген мүгедек балаларды оңалту орталығына жұмысқа қабылдаймын деп алдап, әр адамнан 300 мың мен 700 мың теңге аралығында ақшаларын алып кеткен еді. Осы жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша іс тіркеліп,сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілген.
Полицейлер жеткілікті дәлелдемелер негізінде кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісім жасалып, ҚР ҚПК 612-бабының «онша ауыр емес, ауырлығы орташа не ауыр қылмыстар бойынша – күдікті, айыпталушы келтірілген күдікпен, айыптаумен келіскен жағдайда – кінәні мойындау туралы мәміле нысанында» талабына сай Мақтарал аудандық сотына жолданған.
Мақтарал аудандық сотының үкімімен күдікті әйелге қатысты 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Түркістан облысы полицейлері азаматтарға алаяқтардан барынша сақ болуды ескертеді. Кез келген ұсынысты қабыл алмай, толық тексеріп алыңыз деп кеңес береді. Жұмысқа тұруға ақша бергенде, алғанда заңға қайшы екенін атап өтті.
30-ға жуық адамды алдап ақша жымқырған әйел сотталды
Жарнама орны (6) |