Смартфон ұрысын камераның көмегімен тапты

040.jpg

Түркістан облысы әкімдігінің құқық бұзушылықты болдырмау және қылмыстардың алдын алу бойынша тапсырмасы Келес ауданында да жүйелі жүзеге асып келеді. Тәртіп сақшылары аудан орталығында ұялы телефонды жымқырған күдіктіні ұстады.

Келес аудандық полиция бөліміне жәбірленуші арызданып келген. Ол өзінің арызында құны 150 мың теңгені құрайтын «Айфон» маркалы ұялы телефонын күндізгі уақытта белгісіз тұлға үйінде ұйықтап жатқанын пайдаланып, жымқырып кеткенін көрсеткен. Осы ақпарат бойынша полиция қызметкерлері тез арада іздеу жұмыстарын бастап кетті. Куәгерлерден жауап алып, жақын аймақтарды мұқият тексерді. Бейнебақылау камераларын қарап шықты.

Осылайша, Келес АПБ қызметкерлерінің жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде осы қылмысты жасаған күдіктіні ұстады. Ол бұрын сотты болған, жергілікті тұрғын екені анықталды. Сондай-ақ, арызданушының туысы болып шықты. Ұры ұрланған ұялы телефонды жақын маңдағы дүкенге 30 000 теңгеге сатып жіберген. Ақшасын өз қажеттілігіне жаратқан.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 188 бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ұрылардан барынша сақ болуға шақырады. Есік-терезелеріңізді мықтылап нығайтып, аулаларыңызға бейнебақылау камераларын орнатыңыздар.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үш күнде анықталған 12 мас жүргізуші 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды
  • Жас жігітті ұрған бұзақы ұсталды
  • Көліктерден ақша ұрлап, істі болды
  • Полиция құрылыс құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады
  • Полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады