Бейнебақылау камерасымен көмегімен сөмкесін қайтарды

032.jpg

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің талабы бойынша тәртіп сақшылары тыныштықты күзетіп, тұрғындардық құқықтарын бұзылмауын қадағалаумен ғана шектелмейді. Адамдарға көмектесу – олардың азаматтық парызы. Соның бірі – көлікте сөмкесін ұмытып кеткен қыз тауып берген полицейлерге алғысын білдірді.

Сарыағаш АПБ-не жергілікті тұрғын хабарласып, Шымкент қаласына жеке жұмыстарымен барып, қайтарында белгісіз автокөлікте отырып Сарыағашқа келгенін, содан көлік ішінде барлық құжаттары бар қол сөмкесін ұмытып кеткенін жеткізген.
Полицейлер ақпарат алысымен тез арада тұрғынның сөмкесін тауып беруге жұмыс жүргізді. Қажетті деп танылған барлық қажетті шараларды іске асырды. Нәтижесінде Сарыағаш АПБ кезекші бөлімшесінің бастығы полиция майоры Рысқали Қолдасов және кіші жедел басқару орталығының операторы полиция капитаны Заман Көшбаевтардың кәсіби шеберлігімен небары 1 сағат уақытта тұрғынның сөмкесі табылды.
Яғни, полицейлер тез арада Сарыағаш қаласында орналасқан бейнебақылау камераларын тексеріп, автокөлікті анықтап, тапқан. Жоғалған сөмке, ішіндегі барлық құжат-заттарымен заңды иесіне қайтарылды.
Өз кезегінде сөмкесі табылған тұрғын Сарыағаштық полиция қызметкерлеріне алғысын айтып, шынайы ризашылығын білдірді.
Сонымен қатар, есептік мезгілде абайсызда автокөліктерде заттарын ұмытып, қалдырып кеткен 15 азамат полиция бөліміне хабарласып, тауып беруін сұраған. Олардың барлығына жедел басқару орталығындағы бейнекамералар арқылы көмек беріліп, автокөліктер анықталып, заттары егелеріне қайтарылған.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үш күнде анықталған 12 мас жүргізуші 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды
  • Жас жігітті ұрған бұзақы ұсталды
  • Көліктерден ақша ұрлап, істі болды
  • Полиция құрылыс құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады
  • Полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады