Сеніп тапсырылған мүлікті ұрлап сатыпты

038.jpg

Түркістан облысында ұрлық арқылы жасалатын құқық бұзушылықты болдырмау туралы өңір басшысының тапсырмасын орындауды тәртіп сақшылар жүзеге асырып келеді. Соның бірінде полицейлер өзіне сеніп тапсырылған мүлікті ұрлаған кұдіктіні ұстады.

Түлкібас АПБ-не құрылыс жүргізумен айналысатын фирманың басшылығынан қатынас хаты келіп түседі. Онда фирмаға тиесілі 8-дана темір-бетон лотоктарының ұрлағаны айтылған.

Полицейлер ақпарат алысымен тексеру жұмыстарын жүргізді. Анықталғандай, осы фирмада жұмыс істейтін азамат жоғарыда көрсетілген 8-дана темір-бетон лотоктарын жасырын алып, әрқайсысын 5000 теңгеден жергілікті тұрғынға сатып жіберген. Фирмаға келтірілген шығын көлемі 120 мың теңгені құрады.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 189-бабы «Сеніп тапсырған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан таражға салу» бойынша тіркелді. Күдіктінің бас шарасы қолхатта.

Түлкібас АПБ-не тағы бір тұрғыннан осыған ұқсас арыз келіп түскен. Жәбірленушінің айтуынша ол ауласында тұрған темір төсін және су соратын насосын көршісі ұрлап, үйінен шығып бара жатқанын көрген. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді.

Түлкібастық тәртіп сақшылары қылмысты ашу мақсатында жедел- іздестіру шаралары н жүргізді. Күдікті бөлімшеге жеткізілді. Бұрын сотты болған жәбірленушінің көршісі өз кінәсін толығымен мойындады. Бас шарасы «қолхатта». Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция қызметкерлері тұрғындарға қырағы болып, өздерінің бағалы мүліктерін сақтау үшін қауіпсіздік шараларын қабылдау қажеттілігін ескертеді. Егер сіз ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияның «102» нөміріне хабар беріңіздер.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үш күнде анықталған 12 мас жүргізуші 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды
  • Жас жігітті ұрған бұзақы ұсталды
  • Көліктерден ақша ұрлап, істі болды
  • Полиция құрылыс құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады
  • Полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады