Жоғалған қойын тауып иесіне қайтарды

019.jpg

Мемлекет басшысының ұсынысымен мал ұрлығына байланысты жазаны қатаңдату туралы заңға өзгерістер енгізілгені белгілі. Мал ұрлығына тосқауыл қою туралы облыс басшысының тапсырмасын кұшейткен құқық қорғау органдарының қызметкерлері қой ұрлағандарды ізін сутпай ұстады.

Сарыағаш АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, жалпы құны 80 000 теңге тұратын екі бас қойын белгісіз тұлға ұрлап кеткенін көрсеткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-1 бабы "Мал ұрлығы" бойынша тіркелді.
Сарыағаш АПБ ЖПҚ-нің учаскелік полиция инспекторлары жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдікті қолға түсті. Тұрғынның малын ұрлағанын мойындаған күдікті, жергілікті тұрғын болып шықты. Полицейлер ұрланған екі бас қойды айғақты зат ретінде тәркілеп алды.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Бас шарасы қолхатта.
Өз кезегінде жәбірленуші Сарыағаш ауданының тұрғыны Жанат Божбаналиева учаскелік полиция инспекторларына қойларын тауып бергені үшін алғысын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі.
Полиция қызметкерлері тұрғындар назарына малдарын қараусыз қалдырмауды ескертеді. Ен -таңбаларын салдыртып, сырғалауға кеңес береді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үш күнде анықталған 12 мас жүргізуші 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды
  • Жас жігітті ұрған бұзақы ұсталды
  • Көліктерден ақша ұрлап, істі болды
  • Полиция құрылыс құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады
  • Полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады