170 миллион теңгені жымқырған алаяқ ұсталды

0001.jpg

Түркістан облысы әкімінің тапсырмасымен қылмысты болдырмау шаралары күшейтілсе де алаяқтық тыйылар емес. Соның бірі – Сайрам аудандық Полиция бөлімінің мамандары тұрғындарды «асыл тұқымды жылқы-сиырлар әкеліп беремін» деп алдаған алаяқты ұстады. Күдікті алдау жолымен жәбірленушілерден 170 миллион теңгеден астам ақша жымқырған.

Тамыз айының басында АПБ-на 5 жергілікті тұрғын арызданып келеді. Жәбір көрушінің бірі 2019 жылдың ақпан айымен 2020 жылдың шілде айлары аралығында сырттай танысы Қостанайдан асыл тұқымды сиырлар әкеліп беремін деген сылтаумен 77 миллион теңгесін алаяқтықпен алдап алғандығы туралы шағымданған. Ал келесі жәбірленуші болса, күдікті тұлға Солтүстік Қазақстаннан жылқылар алып келіп беремін деп, 2,4 миллион теңгесін жымқырып, уәдесін орындамай кеткендігін хабарлады. Үшінші жәбірленушіден 10 миллион алса, енді бірінен 200 бас жылқы үшін 77 миллион, соңғысынан 8 миллионға жуық ақша алған. Осылайша күдікті жәбірленушілерге берген уәдесін орындамай, не ақшасын қайтармай уақыт созып жүріп алған. Аталған жайттар Сайрам аудандық полициясымен тіркеліп, яғни ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша енгізілді.

Сайрамдық полицейлер күдікті ұстау мақсатында жәбірленушілерден жауап алып, жедел-іздестіру шараларына кірісті. Нәтижесінде күдікті ретінде жергілікті жас жігітті ұстады. Тергеп-тексеру барысында қолға түскен күдіктінің алаяқтықтың 5 жайтына қатыстылығы және жәбірленушілерге 170 миллион теңгеден астам шығын келтіргендігі айқындалды. Күдікті алған ақшаларды қажеттілігіне жаратып жіберген. Өз кінәсін толық мойындап отыр. Қазіргі таңда полицейлер күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтауда. Ол қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде Түркістан облысының тәртіп сақшылары абай болуға алаяқтың әр түрлі құрығына түсіп қалмауға шақырады. Егер сіз алаяқтықтың куәсі немесе құрбаны болсаңыз кешіктірмей 102 телефоны бойынша полицияның көмегіне жүгінгеніңіз дұрыс.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үш күнде анықталған 12 мас жүргізуші 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды
  • Жас жігітті ұрған бұзақы ұсталды
  • Көліктерден ақша ұрлап, істі болды
  • Полиция құрылыс құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады
  • Полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады