150-жық карантин талаптарын бұзушылық тіркелді

123456.jpg

Түркістан облысы бойынша Бас мемлекеттік санитарлық-дәрігердің қаулысына сәйкес, коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты, полиция қызметкерлері және басқа да мүдделі орган өкілдерінен тұратын мобильді топтар күн сайын карантиндік шараларды бақылау және сақтау, азаматтар мен түрлі ұйымдардың карантинді бұзуын анықтау, сондай-ақ дәрілік заттарды жоғары бағамен заңсыз сату және басқа да құқықбұзушылық жайттарының жолын кесу бойынша рейдтік және алдын алу іс-шараларын жүргізуде.
Облыс аумағында мобильдік топтар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарының, сондай-ақ гигиеналық нормативтердің бұзылуы" бойынша 148 карантин талаптарын бұзуды анықтады, оның ішінде 4 жайт үйлену тойы мен отбасылық жиындарды ұйымдастыру. Сондай-ақ, рейдтік іс-шаралар барысында Түркістан облысы ПД-нің полицейлері дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен заңсыз сатудың 33 фактісін тіркеді.
Мысалы, Жетісай ауданында аудандық полиция бөлімінің ЖПҚ патрульдік полиция қызметкерлері қызметтерін атқару барысында сағат түскі 13.00-де Алматы қаласына бара жатқан 12 жолаушысы бар автобусты тоқтатты. Полиция қызметкерлері жолаушыларды тексеріп, олармен карантинді бұзуға жол бермеу керектігі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жүргізуші мен жолаушылар автобусы Жетісай АПБ-на жеткізілді. Тәртіп сақшылары автокөлікті айыптұрағына қойды.
Тәртіп бұзушыға қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 425 бабы "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу" бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Жинақталған ақпараттар шешім қабылдау үшін тиісті органға жіберілді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үш күнде анықталған 12 мас жүргізуші 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды
  • Жас жігітті ұрған бұзақы ұсталды
  • Көліктерден ақша ұрлап, істі болды
  • Полиция құрылыс құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады
  • Полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады