Ауласына есірткі егіп, істі болды

карасорак.jpg

Түркістан облысында тұрғындар арасында құқық қорғау қызметкерлері заң талаптарын түсіндіру мен қылмыстың алдын алу профилактикалық шаралары көптеп ұйымдастырылса да есірткі бизнесіне тыйым болмай тұр. «Қарасора-2020» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында тәртіп сақшылары бір тұрғынның ауласынан 30 келіге жуық сора тәркіледі.

Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тұрғын үйінің ауласында есірткі тектес сора өсімдігін өсірген ер азаматты ұстады.

Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 300-бабы бойынша «Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру» қылмыстық іс қозғалды.

Жедел құрылған полицейлер тобы күдіктінің ауласындағы бау-бақшасының 15 түп сора өсімдігін тауып, айғақты зат ретінде тәркілеп алды. Сараптама тағайындалды. Қорытындыға сәйкес алынған түптер 30 келіге жуық «сора» есірткісі болып шықты. Күдіктінің бас шарасы «міндеттеме».

Қазіргі таңда осы іс бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тергеушілер ер адам сора есірткісін өзінің ауласында не себепті өсіргенін анықтауда.

Түркістан облысының тәртіп сақшылары тыйым салынған өсімдіктерді өсіру, заңсыз есірткі саудасымен айналысу, жалпы есірткіге қатысы бар жайттар заң алдында қатаң жазаға тартылатынын ескертеді. Кей сәттері қылмыс жасап, заң бұзған адамның жазаланатынын біле тұра заңсыздыққа жол беріліп жатады. Есірткінің қоғам дерті екендігін естен шығармай, оны өсіріп, қолданып, тасымалдағандармен күресуді күшейтуіміз қажет. Сондықтан сіз, есірткі бойынша қандай да бір ақпараттарды білсеңіз бірден полицияның «102» нөміріне хабарласыңыз. Бұл өз кезегінде есірткіге байланысты қылмыстардың азаюы мен жолын кесуге септігін тигізеді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үш күнде анықталған 12 мас жүргізуші 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды
  • Жас жігітті ұрған бұзақы ұсталды
  • Көліктерден ақша ұрлап, істі болды
  • Полиция құрылыс құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады
  • Полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады