Заңсыз дәрі-дәрмек сатқандар жазаланады

зансыздари.jpg

Түркістан облысы әкімдігінің тапсымасы бойынша Полиция департаментінің қызметкерлері дәріханалардағы дәрі-дәрмектерді заңсыз сату фактілерін болдырмауға бағытталған рейдтік шараларды өткізді. Нәтижесінде облыс аумағында 5 дәрі-дәрмектер мен медициналық құрылғылдарды заңсыз сату фактілері анықталды.

Түркістанда жүргізілген жедел іс-шаралары кезінде полиция қызметкерлері қалалық дәріханалардың бірінің фармацевтін Cef-3 дәрі-дәрмектерін үлкен көлемде сатып жатқан жерінен ұстады. Сатушы 336 қорапты 1500 теңгеден 405 мың теңгеге саудаған. Ал, дәріханалардағы бір қораптың құны – 1300 теңге.

Сонымен қатар, әлеуметтік желілерді бақылау барысында криминалдық полиция қызметкерлері Сарыағаш тұрғынының медициналық маскаларды заңсыз саудаланғанын анықтады. Тұрғынның көлігін тексеру кезінде тәртіп сақшылары тағы 4950 дана мөлшерде медициналық маска тәркіледі.

Сол күні Арыс ауданында полиция қызметкерлері «аскорбин қышқылын» Арыс қаласындағы дәріханалардың бірінен 700 теңгеден сатылғанын анықтаған. Бөлшек саудада аталған дәрі бағасы 300 теңге.

Барлық анықталған фактілер бойынша тексеру жүргізіліп, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнайы шаралар қабылданатын болады. Ал, өз кезегінде Түркістан облысының полициясы дәрі-дәрмектердің қымбат бағамен, әрі заңсыз сатылуына куә болған азаматтарды полицияның 102 телефонына хабарласуға шақырады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үш күнде анықталған 12 мас жүргізуші 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды
  • Жас жігітті ұрған бұзақы ұсталды
  • Көліктерден ақша ұрлап, істі болды
  • Полиция құрылыс құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады
  • Полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады