Заңсыз жолаушы тасымалын жою жұмыстары жүргізілді

тусиндрме.jpg

Келес ауданында полицейлер тұрғындарға карантин талаптарын түсіндірді. Сонымен қатар, полицейлер тарапынан ірілі-ұсақты құқықбұзушылықтың алдын алу, кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта ата-анасының рұқсатынсыз жүрмеуін қадағалау мақсатында түнгі уақыттағы рейдтік жұмыстары жүргізілуде.

Заңсыз жолаушылар тасымалын жою мақсатында патрульдік полиция тобының қызмет инспекторлары Келес ауданы әкімшілігінің қызметкерлерімен бірлесіп, тұрғындар мен көлік жүргізушілері көп болатын орындарда тексеру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында облыстың бас санитар-дәрігерінің қаулысындағы көрсетілген талаптарды сақтау бойынша көлік жүргізушілеріне кеңінен түсіндіріп өтті. Барлық жолаушылар мен жүргізушілерге өз денсаулықтарыңыз үшін жауапкершілікті арттырып, арнайы бекітілген талаптарға сай қауіпсіздік шараларын қолдану ұғындырылды. Яғни арақашықтықтың сақталуы, арнайы қорғаныш құралдарымен өздерін қамтамасыз ету керектігі айтылды.

Осындай қиын кезде полицейлер ерекше қызмет түріне өтті. Осыған байланысты, Түркістан облысының полицейлері өңір тұрғындарын арақашықтық пен маска режимін сақтауға, көп адам жиналатын іс-шаралар, той-жиындар өткізбеуге шақырады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үш күнде анықталған 12 мас жүргізуші 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды
  • Жас жігітті ұрған бұзақы ұсталды
  • Көліктерден ақша ұрлап, істі болды
  • Полиция құрылыс құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады
  • Полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады