Бейтаныс әйелдің сөмкесін алып кеткен ерлі-зайыпты ұсталды

турпол.jpg

Түркістан облысында полиция қызметкерлері бейтаныс әйелдің сөмкесін әлімжеттілік жасап алып кеткен ерлі-зайыптыны ұстады. Жәбірленушінің айтуынша, сөмкесінде құжаттарымен бірге 150 мың теңгесі және құны 85 мың теңге түратын ұялы телефоны да болған. 

Түркістан қалалық Полиция бөлімінің кезекшігіне жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленуші әйелдің айтуынша ол Кентау-Түркістан бағытында қоғамдық микроавтобусқа отырған. Содан көлік ішінде өзіне таныс емес ер азамат және оның әйелімен сөзге келіп, жанжалдасып қалады. Көлік ішіндегі дау ушығып бара жатқасын жүргізуші жол бойында көлікті тоқтатады. Осы сәтте жәбірленушінің жерге түсіп қалған сөмкесін күдіктінің бірі өзінше билік етіп алып қойып, екеуі басқа көлікке мініп кеткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 389-бабы «Өзінше билік ету» бойынша тіркелді.

Орын алған оқиғаға тексеру жұмыстарын жүргізген полицейлер сол күні бірнеше сағатта бейнебақылау камералары арқылы күдіктілерді ұстады. Бас шарасы "қолхатта". Тергеу барысында күдіктілер ашу үстінде осындай әрекетке барғандарын жеткізді. Айғақты зат алынып, заңды иесіне қайтарылды.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 389-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын анықтауда.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үш күнде анықталған 12 мас жүргізуші 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды
  • Жас жігітті ұрған бұзақы ұсталды
  • Көліктерден ақша ұрлап, істі болды
  • Полиция құрылыс құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады
  • Полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады