Карантин талаптарының сақталуы қатаң бақылауда

ордаполиц.jpg

Түркістан облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас санитарлық дәрігерінің қаулысы негізінде өңірде күшейтілген тәртіп пен шектеулер енгізілді. Коронавирус індетіне байланысты халық арасында жұқпалы инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында бірқатар шаралар іске асырылды.

Ордабасы аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлері карантин талаптарының сақталуын қатаң қадағалауда. Карантин кезінде аудан тұрғындарының көшелерде белгілі уақыттарда ғана жүріп-тұруы керектігін, аса қажеттілік болмаса сыртқа шықпауды, адамдар көп шоғырланған жерлерде қауіпсіздік шараларын сақтауды түсіндірді.

Сондай-ақ, қоғамдық орындарда, базарларда, кафелерде түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Арнайы көліктермен, көше-көшені аралап, қауіпсіздік шараларының, ара қашықтықтың сақталуын дауыс үдеткішпен ескертуде.

Түркістан облысының Бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес сенбі, жексенбі күндері рейдтік шаралар іске асып, кафе-базарлар жұмыстарын тоқтатады. Бұдан кейінгі күндері де полицейлер кәсіпкерлерге карантинге байланысты шектеулерді ескертіп жұмыс істеуін ұғындырып, қадағалап, рейдтік шараларын үздіксіз ұйымдастырып тұрады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үш күнде анықталған 12 мас жүргізуші 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды
  • Жас жігітті ұрған бұзақы ұсталды
  • Көліктерден ақша ұрлап, істі болды
  • Полиция құрылыс құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады
  • Полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады