Жетісайда жылқы ұрлағандардың жолы кесілді

екеу.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мал ұрлығын азайту мақсатында қолданыстағы заңға өзгеріс енгізгені белгілі. Осы мақсатта  қырағылықты күшейтіп, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасын орындау жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Соның бірі – Жетісай қаласында полиция қызметкерлерінің қырағылығымен жүзеге асты.

Жетісай АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, мал ұрлығы болғанын жеткізді. Жәбірленуші ер азаматтың айтуынша, белгісіз тұлғалар түнгі уақытта үйінің жанындағы қорасына жасырын кіріп, байлаулы тұрған жылқысын ұрлап кеткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК 188-1 бабы "мал ұрлығы" бойынша СДТТБТ-ға тіркеп, жедел-іздестіру іс-шараларына кірісті. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі 500 мың теңгені құрады.
Жетісай қаласының тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылып, оқиға орнына жетті. Тәртіп сақшылары жақын маңдағы барлық аумақтар мен жайылымдарды аралап, куәгерлерден жауап алды, сондай-ақ мал таситын автокөліктерді және үй малын сататын орындарды тексерді.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері мал ұрлығын жасағандардың ізіне шығып, 
бір тәулік ішінде екі күдіктіні ұстады. Оның бірі бұрын сотты жергілікті тұрғын болса, екіншісі көрші ауылдың тұрғыны болып шықты. Полиция қызметкерлері ұрланған малды айғақты зат ретінде тәркілеп алып, заңды иесіне қайтарды.
Тергеу барысында анықталғандай, олар қораның үйден алыстау орналасқанын пайдаланып, жылқыны жымқырып кеткен. Содан ауыл шетіне апарып жасырған. Сатып, ақшасын өз қажеттіліктеріне жаратпақ болған. Алайда полицейлердің қырағылығы арқасында күдіктілердің арам ойы іске аспай қалды. Кінәларын толық мойындаған күдіктілер қамауға алынды. Қазіргі уақытта "мал ұрлығы" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысының полицейлері ауыл тұрғындарына қырағы болып, малдарын қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Шаруашылық аулалар мен қора-жайларды сенімді қоршаумен нығайтып, құлыптар мен жарық орнату қажет. Сондай-ақ, үй малына ен-таңба салдырып, бақташы жалдау керек. Егер сіз мал ұрлығының құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада "102" телефоны арқылы полицияға хабарласыңыз.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үш күнде анықталған 12 мас жүргізуші 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды
  • Жас жігітті ұрған бұзақы ұсталды
  • Көліктерден ақша ұрлап, істі болды
  • Полиция құрылыс құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады
  • Полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады