Полицияны алдап, күйеуінен ақша жасырған әйел ұсталды

уйтонау.jpg

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасы бойынша өңірде қылмысты азайту және істі шұғыл анықтау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Соның бірі – Сайрам ауданында полиция қызметкерлерінің қырағылығымен шешімін тапты.

Аудандық Полиция бөліміне жергілікті тұрғын әйел арызданып, үйінен белгісіз тұлғалар ірі көлемде ақша ұрлағанын жеткізген. Жәбірленушінің сөзіне қарағанда, оның пәтеріне белгісіз біреулер кіріп, сандықтан миллион теңгесін ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған. Аталған жайт Сайрам АПБ-нің СДТТБТ-не ҚР ҚК-нің 188-бабы "Ұрлық" бойынша тіркеліп, полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларына кірісті.

Қылмыс орнын мұқият қарау барысында, жедел уәкілдер бөтен адамдардың қатысуының айқын іздерін таппады және ұрлықты отбасы жақындарының бірі жасауы мүмкін деген болжамға келді. Полиция қызметкерлері үй тұрғындарын, көршілерден жауап алғаннан кейін, нәтижесінде аталмыш ұрлыққа жәбірленушінің өзі қатысты болып шықты.

Тергеу барысында әйел өз ақшасының жоғалуын жасыру үшін ұрлық жасалды деп жалған ақпарат берген. Анықталғандай, күдікті күйеуінен жасырын түрде қаржы пирамидаларының біріне миллион теңге салған. Бірақ содан кейін, БАҚ арқылы және әлеуметтік желілерден, ол мекеменің жабылғанын білген және ол ештеңесіз қалған. Күйеуінен ақша жоғалуын жасыру үшін әйел ұрлық қылмысы болды деп, полицияны шақырып, жалған ақпарат берген.

Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК 419-бабы "Көрінеу жалған ақпарат жеткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті «қолхатта». Жиналған материалдар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін сотқа жіберілетін болады.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға керемет ұтыстар ұсынатын аферистердің қақпанына түспеу үшін кез келген осындай сенімсіз ақпараттарға қызықпауға кеңес береді. Сондай-ақ, мұндай оқиғалар ауыр қылмыстарды ашуға және қауіпті қылмыскерлерді ұстауға бағытталуы мүмкін полицияның айтарлықтай күші мен құралдарын алаңдатады. Егер сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада «102» телефоны арқылы полицияға хабарласыңыз.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үш күнде анықталған 12 мас жүргізуші 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды
  • Жас жігітті ұрған бұзақы ұсталды
  • Көліктерден ақша ұрлап, істі болды
  • Полиция құрылыс құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады
  • Полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады