Түлкібас ауданының полицейлері бірнеше көлікті тонаған ұрыны ұстады. Бұл туралы алдымен аудандық полиция бөлімінің кезекшілік 102 нөміріне жергілікті тұрғыннан хабарлама келіп түседі. Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Оқиға орнына жедел жеткен тергеу тобының қызметкерлері үй-үйді аралап, куәгерлерден жауаптар алды. Сондай-ақ металды қабылдау пункттерін тексеріп, басқа да қажетті іс-шараларды жүргізді. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері көлік ұрысының ізіне шығып, оны тез арада қолға түсірді. Ол шаруа қожалығында жүргізуші болып жұмыс істейтін жергілікті тұрғын болып шықты. Тергеу барысында жас жігіт түнде ашық тұрған қақпадан ішке еніп, «КамАЗ» бен трактордан 4 бірдей аккумуляторды шешіп алып кеткені анықталды. Содан кейін көліктердің ұрланған жабдықтарын өз үйінің сарайына жасырған. Солай оның жәбірленушілерге келтірген шығынның жалпы көлемі 150 мың теңгені құрады.
Қазіргі уақытта аталған жайтқа қатысты Қылмыстық кодекстің 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қолхатта. Айғақты заттар мен дәлелдемелер тәркіленді. Ұрланған аккумуляторлар заңды иелеріне қайтарылды.