Полицей жол ережесін ішіп алып бұзған жүргізушіні ұстады

сарпол.jpg

Сарыағаш ауданында учаскелік полиция инспекторы мас жүргізушіні ұстады. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі хабарлады.

Сарыағаш ауданының бір елді мекенінде өзіне бекітілген әкімшілік учаскесінде түрлі құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында күнделікті қызметін атқару жүрген учаскелік полиция инспекторы полиция майоры А.Тастанбеков жол қозғалысы ережесін бұзған "ВАЗ" автокөлігін байқап қалады. Одан әрі полиция қызметкері қызметтік автокөлікпен қуып жетіп, тәртіп бұзушыға көлігін тоқтатуды көрсеткен. Анықталғандай, "ВАЗ" автокөлігінің жүргізушісі рөлде мас күйінде болған. Учаскелік инспектор бірден Сарыағаш АПБ-не хабарлап, патрульдік полиция нарядын шақырды.

Құжаттарды тексеру кезінде тәртіп сақшылары жергілікті тұрғынның бұрын аудандық соттың шешімімен жүргізуші құқығынан айырылғанына қарамастан, автокөлікті басқарғанын анықтады. Сондай-ақ, медициналық куәландыруға сәйкес ер адам "орташа дәрежеде" мас халде болған.

Аталған жайт Сарыағаш АПБ-нің СДТТБТ-не ҚР ҚК-нің 346-бабы "Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде болған адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын жүргізуді осындай адамға беру немесе осындай адамды көлік құралын басқаруға жіберу" бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта аталған дерекке байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кету керек, Дарбаза-Сарыағаш тас жолында жиі жол-көлік оқиғалары орын алуда. Учаскелік полиция инспекторы А. Тастанбеков қызметтік міндеттерін күні-түні атқарып, үнемі жол-көлік оқиғаларының алдын алу және болдырмау бойынша алдын алу іс-шараларын жүргізеді.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары облыс тұрғындарын мас күйінде көлікке отырмауға ескертеді, бұл өз өміріңізбен қатар, жолаушылардың да өміріне қауіп төндіреді. Жолда сақ болыңыз, жылдамдықты асырып, маневр жасау ережелерін бұзбаңыз, қарсы қозғалыс жолағына шықпаңыз, сондай-ақ, ЖҚЕ жақсылап есте сақтаңыз.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үш күнде анықталған 12 мас жүргізуші 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды
  • Жас жігітті ұрған бұзақы ұсталды
  • Көліктерден ақша ұрлап, істі болды
  • Полиция құрылыс құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады
  • Полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады