Полицейлер көліктерден аккумулятор ұрлағандарды ұстады

акцм.jpg

Төлеби ауданының полицейлері аккумулятор ұрлаған екі күдіктіні ұстады. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі хабарлады.

Төлеби АПБ-не бірнеше жергілікті тұрғындар арызданып, түнгі уақытта автокөліктерінің аккумуляторлары ұрланғаны жөнінде хабарлаған. Ұрылар бір жәбірленушінің үйінің алдында тұрған көлігінен аккумулятор ұрлап, 15 мың теңге шығын келтірсе, келесі тұрғынның ауласының қоршалмағанын пайдаланып, көлігіне ұрлыққа түсіп, 16 мың теңге шығын келтірген. Аталған жайттар ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша тіркеліп, СДТТБТ-не енгізілді.

Аудандық полицейлер қылмыстың ізін суытпай ашу мақсатында қажетті іс-шараларды жүргізді. Тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылып, оқиға орындары мұқият тексерілді. Полицейлер куәгерлерден жауап алып, бейнебақылау камераларын көріп шықты. Жақын аймақтарды аралап шықты. Нәтижесінде полицейлер бір апта ішінде осы қылмысқа қатысты екі күдіктіні ұстады. Олардың екеуі де жұмыссыз жергілікті тұрғындар болып шықты. Біреуі бұрын бірнеше құқықбұзушылықтар жасағаны белгілі болды. Тергеу барысында анықталғандай, күдіктілер алдын ала сөз байласып, бөтеннің мүлкін жымқыруға келіседі. Осылай жеңіл жолмен ақша табу мақсатында бір түнде төрт тұрғынның көліктеріндегі аккумуляторды ұрлап, жәбірленушілерге 60 мың теңгеден астам шығын келтіреді. Ұрланған заттарды сатып, ақшасын өз пайдаларына жаратып жіберген. Полицейлер аталмыш аккумуляторларды айғақты зат ретінде тәркілеп, заңды иелеріне қайтарды. Күдіктінің екеуі де қамауда. Қазіргі таңда күдіктілердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға көліктеріңізді ауланың сыртына қоймаңыздар, жалпы қараусыз қалдырмаңыздар, автокөліктеріңізге дабыл белгісін орнатыңыздар, аулаларыңызға бейнебақылау камералары мен дабылқақыш қойғызыңыздар деп ескертеді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үш күнде анықталған 12 мас жүргізуші 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды
  • Жас жігітті ұрған бұзақы ұсталды
  • Көліктерден ақша ұрлап, істі болды
  • Полиция құрылыс құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады
  • Полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады