Полицейлер үш көлік ұрлап, жол апатын жасаған адамды ұстады

автоуры.jpg

Кентау қаласының полицейлері көлік ұрлап, жол апатын жасаған тұрғынды ұстады. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі хабарлады.

Кентау қаласының полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында белгісіз тұлға үйінің ауласынан құны жарты миллион теңге тұратын "ВАЗ" маркалы автокөлігін ұрлап кеткенін көрсеткен. Аталған жайт ҚР ҚК 200-бабы "Автокөлікті немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену" бойынша СДТТБТ-не тіркелді.

Кентау ҚПБ-нан автокөлікті айдап кетушіні ұстау мақсатында тәжірибелі қызметкерлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Полиция қызметкерлері жақын маңдағы аулаларды аралап, куәгерлерден жауап алып, күдіктіні анықтау бойынша басқа да барлық қажетті іс-шараларды жүзеге асырды. Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары күдікті ретінде Кентау қаласының тұрғынын құрықтады.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті Кентау қаласы тұрғынының “ВАЗ» маркалы автокөлігін ұрлап кеткен. Бір аптадан кейін ол аталған көлікті қайта ұрлап, қоршауға соқтығысып, жол-көлік оқиғасын жасаған.

Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 750 мың теңгені құрады. Автоұры барлығы осындай 3 жайтқа қатысы бар болып шықты. Күдікті барлық автокөліктерді құралдардың көмегімен ашып, өз қажеттілігіне айдап кеткен отырған.

Қазіргі таңда аталған жайттар ҚР ҚК-нің 200-бабы "Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы мен болған жайттардың толық мән-жайын анықтау үстінде.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға сақ болуды және автокөліктерін қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Автокөліктердің есіктері мен терезелерін жабық ұстау керек және бағалы заттарды, сөмкелер мен ұялы телефондарды салонда қалдырмау керек. Сондай-ақ автокөліктерге күзет дабылын орнатып, оларды күзетілетін тұрақтарға, жақсы жарықтандырылған алаңдарға қоюға кеңес береді. Егер сіз осындай қылмыстардың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада «102» телефоны арқылы полицияға хабарласыңыз.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үш күнде анықталған 12 мас жүргізуші 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды
  • Жас жігітті ұрған бұзақы ұсталды
  • Көліктерден ақша ұрлап, істі болды
  • Полиция құрылыс құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады
  • Полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады