Дәретханада марихуана сақтаған күдікті ұсталды

марихуана.jpg

Түркістан облысы полицейлері әжетхана шатырының астына есірткі сақтаған тұрғынды ұстады. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі хабарлады.

Бәйдібек аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан хабарлама түскен. Оның айтуынша, Шаян ауылың тұрғыны «марихуана» есірткі затын сақтап, қолданатын көрінеді. Полицейлер келіп түскен ақпарат бойынша тез арада іске кірісті. Аталған жайт  ҚР ҚК-нің 296-бабы  бойынша тіркеліп, СДТТБТ-не енгізіліп, қылмыстық іс қозғалды. 

Хабарламада көрсетілген жайтты анықтау мақсатында оқиға орнына Түркістан облысы ПД ЕБҚКБ-ның қызметкерлері мен Бәйдібек АПБ-нің қызметкерлері шығып, шұғыл тексеру жұмыстарын жасады. Осы жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікке ілінген азаматтың тұрғын үйінің алдында орналасқан әжетханасының шатырының астынан  пакетке оралған қоңыр сары түсті, хош иісті ұнтақталған есірткі затына ұқсас «кептірілген өсімдік» табылды. Полицейлердің қырағылығы мен кәсіби шеберлігі арқасында табылған зат айғақты зат ретінде тәркіленіп алынды. Сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысына сәйкес хош иісті зат «кептірілген марихуана» болып шықты. Салмағы 40 граммнан асты. Тергеу барысында анықталғандай күдікті есірткі затын өзі қолданған. Бас шарасы «қолхатта». Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға тыйым салынған заттарды қолданып, сатуға, сақтауға болмайтынын, әр құқықбұзушылыққа өзіне сәйкес шара көрілетінін ескертеді. Ғасыр індетін қолдану, бірінші кезекте сіздің денсаулығыңызға қауіпті екенін айтып, салауатты өмір салтын қолданып жүруге кеңес береді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үш күнде анықталған 12 мас жүргізуші 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды
  • Жас жігітті ұрған бұзақы ұсталды
  • Көліктерден ақша ұрлап, істі болды
  • Полиция құрылыс құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады
  • Полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады