Иесінің көзінше қойын ұрлағандар блокпостта ұсталды

кой.jpg

Түркістан облысы полицейлері егесінің көзінше қойын ұрлаған күдіктілерді ұстады. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі хабарлады.  

Қазығұрт АПБ-не жергілікті тұрғын арызданады. Ол өз арызында мал жайылымға өзіне тиесілі қойларын үйіне айдап келуге бара жатқанында, 50 метр қашықтықта, белгісіз екі азамат бір қойын көліктеріне салып ұрлайын деп жатқанын көреді. Тұрғынның «тоқтаңдар» дегеніне қарамастан күдіктілер қойды артып, қашып кетеді. Аталған жайт СДТТБТ-не енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді. 

Жәбірленушінің айтуы бойынша оқиға орнына Қазығұрт АПБ-нің учаскелік полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Иесінің көріп қойғанына қарамастан, малын ұрлаған күдіктілерді «ізін суытпай» ұстау мақсатында барлық қажетті тексеру жұмыстары жүргізілді. Коронавирусқа қатысты қойылған блок-бекеттегі полицейлерге көліктің нөмірі айтылып,  мұқият қарап өткізбеулері туралы хабарлама берілді. Жүйелі жасалған жедел әрекеттер нәтижесінде, жарты сағат ішінде учаскелік полиция инспекторы күдікті көлікті көріп тоқтатады. Сол сәтте көлікті басқарып отырған тұрғын шығып, қашып үлгереді. Ал, екінші күдікті ұсталды. Ол көрші ауылдың тұрғыны болып шықты. Өз кінәсін толық мойындады. Ұрланған қой айғақты зат ретінде алынып, заңды иесіне қайтарылды. Күдіктінің бас шарасы «келу туралы міндеттеме». Тәртіп сақшылары күдіктінің сыбайласы, қашып үлгерген күдіктіні іздестіру жұмыстарын жасауда. Қазіргі таңда Қазығұрт АПБ-мен мал ұрлығына қатысты жаңадан енгізілген қатаңдатылған заңға сәйкес, яғни ҚР ҚК-нің 188-1-бап «Ұрлық» арқылы сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үш күнде анықталған 12 мас жүргізуші 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды
  • Жас жігітті ұрған бұзақы ұсталды
  • Көліктерден ақша ұрлап, істі болды
  • Полиция құрылыс құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады
  • Полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады