Тауда қару асынып жүрген күдіктілер полициядан құтыла алмады

сузакполбраконер.jpg

Созақ ауданында тауда заңсыз қару асынып жүргендер қолға түсті. Бұл туралы RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Түркістан облысы полицейлері заңсыз аң аулаудың жолын кесіп, болдырмау мақсатында және «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер мен аң-құстардың жойылмауы үшін ұдайы тексеру жұмыстарын жүргізіп отырады.

Осындай кезекті рейд барысында Созақ аудандық Полиция бөлімінің табиғатты қорғау тобының инспекторы, полиция капитаны Жомарт Атабаев «Қаратау» мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлерімен бірлесіп, заңсыз қару сақтағандарды анықтады. Нақтырақ айтсақ, 28 наурызда «Қаратау» тауының «Борсылдақ» сайында екі азаматтың қару асынып жүргенін байқайды. Полицей мен қорықшыларды көрген азаматтар қашуға тырысқан. Дегенмен табиғатты қорғаушылар тез әрекет етіп, әлгі азаматтарды ұстайды. Алайда, олар асынған қаруларын жасырып үлгерген. Өз істерінің шеберлері, кәсіби мамандардың қырағылығы арқасында тау-тастың арасына жасырылған қарулар табылды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша тіркелді.

Күдіктілерден айғақты зат ретінде ішкі істер органдарына тіркелмеген, заңсыз сақталған 2 атыс қаруы оқтарымен, аңшы пышағы анықталып, тәркіленіп алынды. Сараптама тағайындалды. Тіркелмеген қару асынған азаматтар өз кінәларын толық мойындады. 

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға тіркелмеген қаруды сақтамауды ескертеді. Кез-келген құқық бұзушылықтың соңында жауапкершілікке тартылатындарыңызды ұмытпаңыздар. Сондықтан заңға сәйкес әрекет жасауға кеңес береді.



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үш күнде анықталған 12 мас жүргізуші 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды
  • Жас жігітті ұрған бұзақы ұсталды
  • Көліктерден ақша ұрлап, істі болды
  • Полиция құрылыс құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады
  • Полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады