Полиция үш бекетте 300 көлік пен 500 адамды тексерді

байдпост.jpg

Бәйдібек ауданындағы үш бекетте 13 күнде 300-ге тарта көлік пен 500 жолаушы медициналық тексерістен өткен. Бұл туралы RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Наурыз айының 18-інен бастап Түркістан облысына қарасты Бәйдібек ауданында үш блок-пост орнатылған. Бәйдібек ауданына кіреберіс Жамбыл облысымен шекаралас Борылсай ауылдық округіне қарасты Кеңсай ауылында – «Кеңсай», Боралдай ауылдық округіне қарасты елдімекен маңында – «Қызылсай» және Бөген ауылдық округіне қарасты Екпінді ауылының маңында «Екпінді» блок-бекеттері қойылып, жол бойынан өтіп-жатқан әрбір көлік жіті бақылауға алынған. Бұл бекеттерде полицейлер және медицина мамандары арнайы құрылғымен азаматтардың дене қызуларын өлшеп, тексерістен өткізуде. 

Аудандық полиция қызметкерлері тарапынан аталған орындарда тәулік бойы еліміздегі короновирустың алдын алу, ауданға таратылуын болдырмау мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Соның нәтижесінде аталған аудандағы блок-бекеттерде 300-ге тарта автокөлік пен 500-ге жуық жолаушы медициналық тексеруден өткен. Полицейлер сағат сайын бақылау жасап, кезекшілікпен күшейтілген режимде қызмет атқаруда. 

Тәулік бойы демалыссыз бекеттерде тұрған полиция және медицина қызметкерлерінің жұмысы оңай емес. Бірақ, кейбір тұрғындарымыз блок-бекеттегі қызметкерлердің жұмысына кедергі келтіріп, уақытты алатын, күткісі келмейтін жағдайлар да болып жататын көрінеді. Сондықтан Түркістан облысының полициясы әрбір тұрғынға төтенше жағдай кезіндегі шаралардың толық іске асуына қолдау білдіріп, қауіпсіздік шараларына кедергі келтірмеуін ескертеді.



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үш күнде анықталған 12 мас жүргізуші 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды
  • Жас жігітті ұрған бұзақы ұсталды
  • Көліктерден ақша ұрлап, істі болды
  • Полиция құрылыс құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады
  • Полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады