Түркістан облысының полицейлері бірнеше үйді тонаған ұрыларды ұстады

уры.jpg

Түркістан облысы полицейлері үй тонаушыларды ұстады. Бұл туралы RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Шардара аудандық Полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленуші әйелдің айтуынша бірнеше ай бойы жұмыс бабымен отбасымен үйде болмаған, наурыз айында тұрғын-үйлеріне қайта келгенде бір терезесі ашық тұрған, үй-ішін қарап шыққанында алтын бұйымдары мен бағалы киімдерін ұрлап кеткен. Осылайша, жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 400 мың теңгені құрады. Аталған жайт СДТТБТ-не енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді.

Оқиға орнына жеткен Шардара АПБ-нің криминалды полиция мен учаскелік полиция инспекторлары жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Куәгерлерден сұрастырып, жақын аймақтарды аралап шықты. Қылмысты ашып, күдіктілерді құрықтауда полицейлер қажетті деп танылған барлық іс-шараларды іске асырды. Нәтижесінде осы қылмысқа күдікті ретінде екі азаматты ұстады. Оның бірі жергілікті тұрғын болса, екіншісі көршілес ауылдың тұрғыны болып шықты. Ұсталған екі азамат өз кінәларын толық мойындады. Айғақты зат ретінде ұрланған заттар алынып, заңды иесіне қайтарылды. Тергеу барысында екі күдіктінің тағы бір пәтер ұрлығына қатыстылығы анықталды. Екінші арызданушы әйелдің айтуынша, белгісіз азаматтар құлыптаулы есігін бұзу арқылы кіріп, үй-ішін ақтарып, ұялы телефоны мен 5000 теңгесін ұрлап кеткен. Аталған дерек Шардара АПБ-не «Ұрлық» бабымен тіркелді. Айғақты зат тәркіленіп алынып, иесіне қайтарылды. Күдіктілер қамауда. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азаматтардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға кеңес береді: Үйлеріңізге ұры түспес үшін аулаңызды жарықтандырып, мүмкіндігінше дабылқаққыш пен бейнебақылау камераларын орнатыңыздар. Есіктеріңізге мықты құлыптар жасатып, терезеңізге темір тор қойдырыңыздар. Бұл өз кезегінде сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етеді.



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үш күнде анықталған 12 мас жүргізуші 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды
  • Жас жігітті ұрған бұзақы ұсталды
  • Көліктерден ақша ұрлап, істі болды
  • Полиция құрылыс құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады
  • Полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады