Түркістан облысында тәртіп бұзған 16 адам қамауға алынды

сот.jpg

Түркістан облысында құдалық өткізіп, қыз ұзатқан, туған күн тойлатқан азаматтар 5 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Түркістан облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаметі басшысының орынбасары Бақтыораз Елемесов мәлімдеді деп хабарлайды RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі.

Сонымен қатар, төтенше жағдай кезінде санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді сақтамағаны үшін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 476 «Төтенше жағдай режимін бұзу» бабы бойынша 115 нысанға құқықбұзушылық туралы хаттама рәсімделіп, сотқа жолданды. Сот шешімімен 28 тұлғаға 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынып, 16 тұлға қамауға алынды.

Елемесовтің айтуынша, қоғамдық орындарда азаматтар мейлінше бетперде пайдаланып, нысандар есік тұтқаларын дәке маталармен орау санитарлық талаптарға сай келмейді. 

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың елімізде төтенше жағдай жариялағаны белгілі. Президент тапсырмасы негізінде Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің бастамасымен өңір басшылығының жанынан арнайы штаб құрылып, ситуациялық орталық жұмысын бастаған болатын. Департамет басшысының орынбасары Бақтыораз Елемесов дезинфекциялау шаралары арнайы  мониторинг топтарымен күнделікті бақыланып, атқарылған жұмыстар  ақпараты ситуациялық орталыққа күнделікті ұсынылып отырғанын жеткізді.



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үш күнде анықталған 12 мас жүргізуші 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды
  • Жас жігітті ұрған бұзақы ұсталды
  • Көліктерден ақша ұрлап, істі болды
  • Полиция құрылыс құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады
  • Полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады