Әлеуметтік желіде алаяқтықпен ақша жымқырған студент ұсталды

интмош.jpg

Түркістан облысы полицейлері әлеуметтік желі арқылы жұртты алдап, алаяқтық жолмен ақша аудартып отырған студентті ұстады. Бұл туралы RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Түркістан ҚПБ-на жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленушінің айтуынша белгісіз тұлға оның инстаграм әлеуметтік желідегі парақшасына «ИнстаБен» атты ойынға қатысуға шақырған. Ойынның шартын түсіндіре отырып, сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 50 мың теңге салсаңыз, 500 мың теңге ұтып алуға мүмкіндігіңіз бар деп қызықтырған. Содан кейін, 8 707 343 51 24 санды нөмірге «Qiwi» арқылы аталған ақшаны салдыртып алып, алдап кеткен. Аталған жайт СДТТБТ-не енгізіліп, ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді. 

Түркістандық полицейлер орын алған алаяқтық қылмысын «ізін суытпай» ашу мақсатында тез арада іске кірісіп кетті. Жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде аталған нөмірдің кімге тиесілі екені анықталып, жәбірленушілерді алдап жүрген күдіктінің жеке-басы белгілі болды. Полицейлердің қырағылығы мен кәсіби шеберлігінің арқасында бұл қылмыста аяқсыз қалмады. Заңға сәйкес қызмет еткен тәртіп сақшылары, күдіктіні ұстады. Тергеу барысында күдіктінің Ақтөбе қаласының тұрғыны екені анықталды. Одан бөлек жас жігіттің Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орнының бірінде «IT» мамандығы бойынша білім алатыны белгілі болды. Күдіктінің бас шарасы «қолхатта». Қазіргі таңда ұсталған жас жігіттің осындай басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Өз кезегінде Түркістан облысы полицейлері осындай алдау-арбауларға сенбеуге шақырады. 



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үш күнде анықталған 12 мас жүргізуші 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды
  • Жас жігітті ұрған бұзақы ұсталды
  • Көліктерден ақша ұрлап, істі болды
  • Полиция құрылыс құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады
  • Полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады