Полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді

шакпак.jpg

Түркістан облысында төтенше жағдай режиміне байланысты 2 блокпостта полицейлер жұмыс атқаруда. Бұл туралы RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысымен 2020 жылдың 16-наурыз және 15-сәуір күндері аралығында елімізде төтенше жағдай жариялануына байланысты Түркістан облысы Полиция департаментінің жеке құрамы күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Күні-түні рейдтік жұмыстарды жүргізіп, төтенше жағдай кезінде іске асырылатын талаптардың сақталуын қатаң қадағалауда.

Айта кетсек, 19-наурыз сағат 00:00-ден бастап Нұр-сұлтан мен Алматы қалалары каратинге жабылғаннан соң, Оңтүстікке қарай ағылған жұрттың қарасы қалың. Осы сәтте полицейлер қарап қалмай, медицина қызметкерлерімен бірлесіп қарқынды жұмыстар жүргізуде. Яғни, осы өңірге жол тартқан әрбір жолаушы тексеріліп, өткізілуде.

Түркістан облысы ПД Жергілікті полиция қызметі ППБ-ны қызметкерлері республикалық маңызы бар автожолдардарда қызметтік көліктерімен жұмылдырылып, жедел әрекет етуде. Осы мақсатта, Түркістан облысында арнайы 2 блокпосттар орнатылды. Оның бірі «Шақпақ», ал екінші «Сауран» блокпосттарында Шымкент қаласы бағыты бойынша кіріп-шығып жатқан әрбір автокөлікпен жолаушылар арнайы тексерулерден өткізілуде.

Түркістандық полицейлер азаматтарға төтенше жағдай кезінде белгіленген заң талаптарын сақтауға кеңес береді. Осындай қиын сәтте сабырға келіп, өз денсаулығыңыз үшін барлық сақтық шараларын жасауды ескертеді.



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үш күнде анықталған 12 мас жүргізуші 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды
  • Жас жігітті ұрған бұзақы ұсталды
  • Көліктерден ақша ұрлап, істі болды
  • Полиция құрылыс құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады
  • Полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады