Жетісайда полицияға пара ұсынған шетелдіктің үстінен іс қозғалды

пара.jpg

Жетісай қаласында полиция қызметкеріне пара бермек болған шетелдік азаматтың үстінен іс қозғалды. Бұл туралы RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Жетісай аудандық полиция бөлімінің кезекшілігіне жергілікті полиция қызметінің қызметкері патрульдік полиция инспекторы, полиция майорынан хабарлама келіп түседі. Тексеру барысында анықталғандай, күндізгі уақытта Жетісай қаласының көшелерінің бірінде полиция қызметкерлері жол ережесін бұзған "Ауди" маркалы автокөлігін тоқтатқан.    

Тәртіп сақшылары жүргізушіге қатысты жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыра бастайды. Осы уақытта, тәртіп бұзушы Өзбекстан азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылудан аулақ болу мақсатында полиция қызметкеріне 10 мың теңге пара ұсынады. 

Полицейлер күдіктіні сол жерде күзетпен қолға алып, Жетісай ауданының полиция бөліміне жеткізеді. Аталған жайт бірден СДТТБТ-ға ҚР ҚК-нің 367-бабы "Пара беру" бойынша тіркеуге алынды. Сондай-ақ айғақты заттар тәркіленді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері лауазымды адамға пара беру қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді. Оған қоса осы бапта белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыра отырып, параның жиырма еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуды не мүлкі тәркіленіп немесе онсыз үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үш күнде анықталған 12 мас жүргізуші 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды
  • Жас жігітті ұрған бұзақы ұсталды
  • Көліктерден ақша ұрлап, істі болды
  • Полиция құрылыс құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады
  • Полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады