Карантин режимін бұзғандар жазаға тартылуда

020.png

Түркістан облысы  Келес ауданындағы мониторингтік топ пен Келес адалдық алаңы өкілдері аудан орталығындағы сауда дүңгіршектерімен дәріханаларды аралап, карантиндік режимнің сақталу барысын бақылауға алды. Бұл туралы аталған аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Келес ауданы бойынша дәрілік заттардың өткізілуі және шекті бағаның сақталуына мониторинг жүргізу жөніндегі штаб құрылып, Түркістан Облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №26 қаулысы негізінде Келес ауданының әкімінің өкімімен рейдтік іс-шарасын жалғастыруда. Штаб аудан бойынша дәрілік заттардың қолжетімділігін, шектік бағаның сақталуын, заңсыз саудалануын және түбіртекпен сатылуын бақылайды. Барлық дәріханалар мен жергілікті әкімдік арасында және көтерме бағада дәрі-дәрмек алатын жермен үш жақты келісім-шарт түзілді. Келісім-шартқа сәйкес барлық дәріханалар дәрі атауы және бағасы көрсетілген парақшаларды тұрғындарға көрінетін дәріхана кіреберісіне іліп, көрсетілген бағамен ғана дәрі-дәрмекті сататын болады. Егер дәрі бағасы көрсетілген шектен қымбат сатылатын болса дәріхана иесіне жаза қолданылады.

Бұдан бөлек, аудан көлеміндегі коронавирус індетіне қарсы іс-шаралар да назардан тыс қалмауда. Аудан әкімінің орынбасары Алмас Сексенбаев бастаған мониторинг топ және кеше ғана ашылған Келес адалдық алаңы өкілдері тарапынан жүргізілген мониторинг жұмыстары барысында бірқатар тәртіптің сақталмауы анықталды. Атап айтқанда, аудандағы «Балақай» сауда дүңгіршегі және бірнеше жабық форматтағы тамақтану орындары істеп тұрғаны мәлім болып, мониторинг топ тарапынан хаттама толтырылып, сотқа жолданатын болды. Сонымен қатар, көшеде бей-берекет заңсыз, жабайы сауда жасап жүрген азаматтарға да ескертулер беріліп, ескертуге құлақ аспаған саудагерлерге хаттама толтырылу арқылы сотқа айыппұл салуға жолданды.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді