Түркістанда теңдесі жоқ туристік кешені салынуда

5e60a5d2a2d9b.jpg

Түркістанда құны 39 млрд теңге тұратын әлемде теңдесі жоқ халықаралық деңгейдегі туристік кешенде заманауи қонақ үйлер, шығыс базары, мейрамханалар іске қосылып, жасанды көл пайда болады. Жуырда облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев осы нысандардың құрылысымен танысып қайтты. 

Құрылыстың жалпы аумағы 200 мың шаршы метрден асады. Терең тарихымен танымал Түркістанның басты байлығы Қ. А. Ясауи кесенесінің маңында бой көтеріп жатқан бірегей жобада көне шаһардың көрінісі сақталған. Құрылыс жұмыстары алдағы қазан айында аяқталады деп күтілуде. Бұл – өткен жылдың қараша айында Стамбул қаласында өткен Қазақстан-Түркия инвестициялық форумы барысында жүзеге асқан жоба.

Түркістанды түркі әлемінің орталығына айналдыру және туризмді дамыту мақсатында Ясауи кесенесінің аумағындағы мәдени-рухани орталықтасалынып жатқан «Ясауи» музейі, «Ұлы Дала елі» орталығы, драма театр, облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы, «Керуен» сарайы, Қолөнер шеберлері орталығы, Тұңғыш Президент саябағы, Қабылдау орталығы, Амфитеатр, Музыкалық субұрқақ, Неке сарайының құрылыстары өзіндік серпін берді. Сонымен қатар, өткен жылы кесенесінеде реставрация және айналасына абаттандыру, көгалдандыружұмыстары, Күлтөбе қалашығына археологиялық қазба, консервация жұмыстары жүргізілді.Бұл жұмыстар биыл да жалғасуда.

Бұдан бөлек, Түркістан қаласында туристердің жайлылығы үшін «Rixos Turkestan», «Hampton by Hilton», «Innovation Central Asia» секілді заманауи қонақүйлер салынуда. Облыс әкімі шаһарда алғаш бой көтерген бес жұлдызды қонақ үй құрылысын аралап көрді. 120 орынға шақталған «RIXOS TURKESTAN» кешені 3 гектар аумақта бой көтерді. 6 қабаттан тұратын ғимаратта 3 бірдей мейрамхана, кинотеатр және іскер топ өкілдері үшін бизнес орталықтар жоспарланған.



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді