Ордабасыда оңды істер көп

019.jpg


Өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы өте жақсы дамыған Түркістан облысы  Ордабасы ауданындағы кәсіпорындар жыл басынан бері 8 млрд. 248 млн. 700 мың теңгенінің өнімін өндірді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 6,2 пайызға көп. Мұндай мәліметті аталған аудан әкімдігінің баспасөз қызметі таратты.

 Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасының Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында 2010-2019 жылдар аралығында инвестициялық құны 41 млрд. 877 млн. теңгені құрайтын жалпы 20 жоба іске қосылған. 1 563 жаңа жұмыс орын ашылып, 5 млрд. 757,6 млн. теңгенің өнімі өндірілген.  Биылғы жылы инвестициялық құны 26 млрд. 474 млн. теңгені құрайтын тағы 4 жобаны іске қосып, 345 жаңа жұмыс орнын ашу көзделуде. 

 Бүгінгі таңда Ордабасы ауданында шағын және орта кәсіпкерлік саласында белсенді жұмыс істейтін 10 534 субъекті де 15 559 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

 Ағымдағы жылы туризм саласында да оң өзгерістер орын алмақ. Жыл соңына дейін 118 жұмыс орнымен, жалпы құны 1 млрд. 250 млн.теңгені құрайтын 4 инвестициялық жобаның құрылысы аяқталып, іске қосылады деп жоспарлануда.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді