Қазақстан тәуелсіздік жылдары әлеуметтік-экономикалық дамуда айтарлықтай прогреске қол жеткізіп, табысы орташадан жоғары деңгейдегі елдер тобына кірді. Мұндай орнықты өсу кедейлік деңгейін едәуір төмендетуге, тұрғындардың біршама бөлігін анағұрлым нәтижелі жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге, адамдардың әл-ауқатын жақсартуға, еңбек өнімділігінің артуына және жұмыссыздар мен нәтижесіз еңбекпен айналысатын адамдардың, әсіресе, ауылдық жерлердегі санын азайтуға мүмкіндік берді.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында өткен жылы Түркістан облысында 12 579 адам оқытылды. Оның 7 933-і грант иегері атанып, жұмыссыз халықтың 24% жұмыспен қамтылған.
Айта кетейік, кәсіпкерлер палатасы «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде жалпы соммасы 61 442,7 млн. теңге болатын 316 жоба сүйемелдеуде.
Түркістан облысында 2019 жылы кәсіпкерлер тарапынан бизнестің құқықтарын қорғау бойынша 560 өтініш келіп түскен. Оның 418-і оң шешімін тапқан. Нәтижесінде кәсіпкерлердің 10 млрд. тенгеден аса соммасында мүліктік құқықтары қорғалды.
Өтініштердің басым бөлігі жер мәселесіне, несиелендіру және мемлекеттік сатып алу сұрақтарына қатысты. Оның ішінде, уәкілетті органдардың заңсыз тексерулер жүргізу аясында, лауазымды тұлғалардың 6 әкімшілік, 8 тәртіптік жазаға тартылған.