​Күлтөбе қалашығы терең зерттелуде

 image.png

Түркістандағы туристер көп келетін негізгі нысанның бірі Күлтөбе қалашығы. Бүгінде мұндағы ғылыми жұмыстарының нәтижелері мен археологиялық меңгерудің болашақ жоспарлары халықаралық сарапшылардың оң бағасына ие болды. Қазіргі заманғы сандық технологиялар арқылы визуализациялау үшін әртүрлі кезеңдегі ғылыми жүйені қайта жаңартуларды жобалау бойынша жұмыстар жалғасуда.

Айта кетейік, «Күлтөбе қалашығы» ашық аспан астындағы археологиялық мұражай-паркін құру аясында бұл нысанды Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты табиғи ресурстарды өндіру және өңдеу саласындағы жетекші әлемдік компаниялардың бірі – Eurasian Resources Group-тің (ERG) қаржылай қолдауымен зерттеуде.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қорғау аймағында орналасқан тарих және мәдениет ескерткіші Күлтөбе қалашығының жекелеген нысандарын консервациялаумен және ішінара қалпына келтірумен ғылыми-зерттеуге ерекше көңіл бөлініп, ғалымдар бұл нысандардың болашақта археологиялық парктің өзегі болатынына сенім білдіруде.

Бұл бағытт дайындалған арнайы жобаның ғылыми жетекшісі Андрей Хазбулатов «Күлтөбе қалашығы» жобасы бойынша болашақ жоспарларын ұсынып отыр.

Күлтөбе қалашығы тек Қазақстан үшін ғана маңызды емес. Мұнда екі мыңжылдықтағы тарих пен мәдени сабақтастықтығының болғанын көруге болады. Күлтөбе қалашығы ежелгі Яссы қаласының бір бөлігі болғандықтан, ЮНЕСКО сарапшылары консервацияға және ішінара қалпына келтіруге ұшырайтын нысандардың тұсаукесерін талқылауға ерекше назар аударуда. Айтуларынша, олардың ішінде бірнеше әртүрлі кезең нысандарының эскиздері – қолөнершілердің тұрғын үйлері, жер иеленушілер, ежелгі сауда көшелері, шеберханалар, ішкі аулалар және XII-XIX ғғ.бекініс қабырғаларының элементтері бар.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді