Туризм қарқынды дамуда

image.png

Бүгінде Түркістан-Отырар бағытында тарихи-мәдени, Сарыағаш курорты аумағында емдік-сауықтыру, Түлкібас, Төлеби аудандарында экологиялық туризм түрлері қарқынды дамып келеді.

Жалпы облыста 168 қонақ үй, 51 шипажай, 60 демалыс базасы қызмет көрсетеді. Экологиялық, тарихи-танымдық туризм бағытында 57 туристік маршрут әзірленген. Биыл 20 орналастыру орындарын ашу жоспарлануда. Олардың қатарында 8 қонақ үй жаңадан іске қосылса, 7 қонақ үй қайта жөндеуден өткізіледі. 5 емдік-сауықтыру орны ашылады. Сондай-ақ, Түркістан қаласында орналастыру орындарын халықаралық талаптарға сәйкестендіру үшін қонақ үйлер күрделі жөндеуде өткізілуде.

Түркістанды түркі әлемінің орталығына айналдыру және туризмді дамыту мақсатында Ясауи кесенесінің аумағындағы мәдени-рухани орталықта салынып жатқан "Яссауи" музейі, "Ұлы Дала елі" орталығы, драма театр, облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы,"Керуен" сарайы, Қолөнер шеберлері орталығы, Тұңғыш Президент саябағы, Қабылдау орталығы, Амфитеатр, Музыкалық субұрқақ, Неке сарайының құрылыстары өзіндік серпін берді. Сонымен қатар, өткен жылы кесенесінеде реставрация және айналасына абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары, Күлтөбе қалашығына археологиялық қазба, консервация жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар биыл да жалғасуда.

Бұдан бөлек, Түркістан қаласында туристердің жайлылығы үшін "Rixos Turkestan", "Hampton by Hilton", "Innovation Central Asia" секілді заманауи қонақүйлер салынуда.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді