Көпбалалы ана өз кәсібін дөңгелетіп отыр

Screenshot_4.jpg

Бүгінгі таңда Түлкібас ауданында жұмыссыз, тұрмысы төмен азаматтарға және табысы төмен отбасыларға, оның ішінде көпбалалы отбасыларға мемлекет тарапынан тұрмыс сапасын арттыруға және өзін-өзі жұмыспен қамтуға бағытталған бағдарламалар толыққанды іске асуда.

Мысалы, Түлкібас ауданына қарасты Қабанбай ауылының тұрғыны Г.Таштемирова мемлекет тарапынан тағайындалған атаулы әлеуметтік көмек қаржысына 150 бас қаз құсын алып, өз жеке кәсібін өрлетуде. Бұл жөнінде аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

- Мен Таштемирова Гүлнара Тамтұмсық ауылдық округіне қарасты Қабанбай ауылының тұрғынымын. Көп балалы аналар қатарындамын. Көп балалы аналарға АӘК берілетін болды дегенді есітіп мәз болып қалдық. Осы күнге дейін алатын болмашы тиын-тебеніміз біріне жетсе біріне жетпейтін. Амал жоқ, жоғына барын құрап «жоқ» демей өмір сүріп келдік. Сөйтіп, қажетті құжаттарымызды жинап, көмек алуға асықтық.

Сондағы ойымыз баршылықта, молшылықта өмір сүретін болдық қой дегеніміз. Расымен де, атаулы көмекті алған соң жағдаймызда едәуір жақсарды. Баяғыдай, жамап-жапсыру азайды. Балалар да керек-жарағын, тәтті кәмпиті мен ойыншық мәшинелерін алып, қуанды. Бұл біздер үшін үлкен қуаныш болды. Қарапайым халық үшін жасалған бұл көмек бәріміз үшін қолдауға ие дүние болды. Аз уақыттың ішінде алған ақшамызға үй шаруашылығында 150 бас қаз алып бағудамын. Олардың жемін, дәнін алып барынша жағдайын жасап отырмын, - дейді өз кәсібін дөңгелетіп отырған әйел.  

Таштемирова алдағы уақыттада осы салада жұмыс жасап, тұрмысым мен жағдайын жақсартуды көздеп отыр. Ол құстарды мейлінше көбейтіп, етін өткізіп, қауырсындарынан жастық жасауды да ойластыруда.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 88-ге жетті
  • Мақтаралда 5 мектепте IT сыныптары ашылды
  • Түнгі Иірсу көшелері сүттей жарық болады
  • Көпбалалы ана жиһаз цехын іске қосты
  • Ауыл клубтары қайта жаңғырады