Облыста ішкі туризм дамуда

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Түркістан тек қазақ халқының ғана емес, күллі түркі жұртының қасиетті мекені. Түркістан – сан ғасырлық адамзат шежіресінің куәгері және өркениет жауһары. Қарап отырсаңыз, халқымыздың арғы-бергі тарихында ел бастаған, қол бастаған тұлғаларымыз да аса жауапты сәттерде, күрделі саяси шешімдер қабылдайтын уақыттарда Түркістанға тағзым ете барған. Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та осы киелі топыраққа ат басын бұратынын білесіздер»,– деген болатын.

image.png

Бүгінде Ұлы Жібек жолының бойындағы көне қала бүгінде түгел түркінің орталығына айналып, дамудың даңғыл жолына түсті. Қалаға келіп жатқан туристердің де қатары күн санап артуда. Әсіресе, түрленген Түркістанды көруге еліміздің, облысымыздыі әр аймағынан келіп жатқан түрғындар көп.

Арыс қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен жергілікті ардагерлер Түркі халықтарының рухани астанасы атанған Түркістан қаласына сапармен келіп, жаңарған қаланың құрылысымен танысты.

Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова Мамытқызы «Түркістанды түлету қай жағынан алып қарағанда да теңдессіз, ұлы бастама. Рухани астанамызды дамытуға баршамыз жауаптымыз» дей келе киелі Түркістанның дамуымен танысқан ардагерлердің әсерлерін тыңдады. Игі іс-шараны ұйымдастырға қариялар әкімдікке алғыстарын білдірді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды