Ордабасы ауданында сауықтыру туризмі дамиды

Денсаулыққа пайдасы көл-көсір жер асты суын Ордабасы ауданында емдік мақсатта пайдаланып, сауықтыру туризмін дамыту көзделіп отыр. Бөген ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның ескі ғимаратын жерасты минералды суын тиімді пайдалану мақсатында жанға дауа, дертке шипа іздегендер үшін оңалту-сауықтыру орталығы ретінде қолдану көзделуде. Екі қабатты ғимараттың жалпы аумағы 14 мың ш.м.-ді құрайды. Осылайша ауданда шипалы табиғи минералды су көздерін пайдалану дамиды.

image.png

Аудандағы жылыжайлар бүгінде экспортпен айналысуды қолға алды. Екі гектарға қызанақ, қияр өсірумен айналысатын азаматтар облыстың ғана емес, республикасының бірқатар қалаларын қамтиды. Ордабасы ауданында жылыжайдың жалпы аумағы 87 гектарды құрайды, оның 21 гектары өндірістік жылыжай. 66 гектары фермерлік. Шұбарсу ауылында былтыр 15 гектар жылыжай аумағы құрылып, өтініш берген азаматтарға үлестірілді. Биыл жылыжай көлемін тағы 20 гектарға арттыру көзделуде. Өткен жылы осы жылыжайларда 10 мың тоннаға жуық өнім өндірілген.

Ал, Суғармалы жердің көлемін ұлғайту, ағын су мәселесін шешу мақсатында Ордабасы ауданында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Ауданында жалпы ұзындығы 800 шақырымнан асатын 87 канал бар. Оның 215 шақырымы өткен жылы канал механикалық тазалаудан өтті.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды