​Шымкентте күтімді қажет ететін туристерге де жағдай жасалған

Screenshot_23.jpg

Бүгінде медициналық туризм жаңаша формада  дамыған. Шетелге ем іздеп сабылмай, еліміздің ішкі туризмін дамытып жүрген адамдар көп. Қаламызға келген ерекше қамқорлықты қажет ететін туристерге арнайы инватакси және арнайы көмекші қосып беріледі.  Олар белгіленген уақытта келіп, бару керек жерге жеткізеді. Қайтадан ерекше күтімді қажет ететін адамның мекен-жайына алып келеді. Мұндай қызмет, яғни мүгедектерді инватаксиде көмекшімен алып жүру тек Шымкент қаласында ғана бар. Ол -  мүмкіндігі  шектеулі адамдар үшін өте ыңғайлы, өйткені әрбір мүгедектің өз бетінше жүріп-тұруы қиын. Туризм орталығының ресми сайтында: 

«Басыма салған өмір тауқыметіне байланысты мен бала кезімнен бірінші топтағы мүгедекпін, мүгедектер арбасымен қозғаламын.  Бірнеше жыл Көкшетау қ. мүгедектер ҚБ басқардым және басшы ретінде ҚР облыстарының басқа да басшыларымен араластым, әр облыста досым және серігім бар десемде болады.Шымкентке күндізгі стационарда емделуге келгенімде, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған мүгедектер таксиіне қызмет көрсететін, қалалық мүгедектер қоғамының төрағасы Торопов Вадим Александровичтен көмек сұрадым.

Мен В.А. Тороповқа, көмекшісі Ералн Әбдікәрімовке, жүргізуші Жаслан Жақсыбековке, сондай-ақ күн сайын көлікті уақытында жіберіп отырған диспетчерлерге өте ризамын.

В.А. Тороповтың басшылығымен жұмыс істейтіндердің барлығына денсаулық, амандық, отбасылық бақыт, барлық істеріне сәттілік тілеймін. Сіздердің үйлеріңізде қуаныш пен молшылық болсын, сіздердің еңбектеріңіз игілікті және айтуға тұрарлықтай құнды. Өркендей беріңіздер, жасаған жақсылық әрқашан қайтады, «жақсылыққа - жақсылық!

Менің ойымша, еліміздегі барлық облыстарға бірінші кезекте мүмкіндігі шектеулі мұқтаж адамдарға көмек көрсету туралы ойлайтын, көңіл бөлетін және қамқорлық жасайтын Вадим Александрович Тороповтан үлгі алу керек. Жүрегіңізге ұялаған осы мейірімділік пен құрмет көрсету сезімдері еш өшпесін, қымбатты Вадим Александрович! Сізге тағзым етемін.

Ерекше қажеттіліктері бар барлық туристерге осы қонақжай қалаға баруды ұсынамын, онда әр қонаққа жылы кездесу және қуанышты қабылдау ұйымдастырылады!»,-деген мәтіндегі көкшетаулық  Қымбат Досмағамбетова ыстық лебізі жарияланған. 

Шымкентте мүгедектігі бар азаматтардың белсенді өмір сүру салтын қалыптастыру мақсатында инватакси қызметі тегін ұйымдастырылғанына 10 жыл болды.  Инватакси қызметінде 18 автокөлік арнайы жылжымалы құрылғымен және кресло-арбаларды орнатуға арналған құралдармен жабдықталған. Арнайы көліктермен азаматтар қала ішіндегі қалаған мекен-жайына бара алады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ​Шымкентте күтімді қажет ететін туристерге де жағдай жасалған
  • Облыста ішкі туризм дамуда
  • Ордабасы ауданында сауықтыру туризмі дамиды
  • Ясауи кесенесі 200-ге жуық шаммен жарықтандырылады
  • Түркістан облысында 1200 басқа арналған жаңа сүт фермасы салынып жатыр