Жастарды кәсіпкерлікке баулып отырған «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы соңғы екі жылда «Бастау» жобасы бойынша ауылдар мен шағын қалалардың 43 мың тұрғынын оқытып шығарды. Нәтижесінде 11 мыңнан астам бизнес жобалар іске қосылып, 16 мыңға жуық жұмыс орны ашылған. Осыған байланысты жоба аясында жұмыс істеп жатқан адамдардың 95 проценті бюджетке салық төлеуде. Елбасы «Жастар жылының» ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде Шағын несие берудің және оқыту ісінің оң тәжірибесі негізінде барлық өңірде «Жас кәсіпкер» бағдарламасын әзірлеу қажет. Бұл жоба аясында жыл сайын білім алатын жұмыссыз жастар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың санын 100 мыңға дейін жеткізген жөн» деп нақты тапсырма берген болатын.
Осыған орай қазір Түркістан облысының аудан, қалаларында жастар кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгеруде. Жуырда Келес ауданы Ошақты ауылдық округінде жастар ісі инспекторы Б.Сыдықовтың ұйымдастыруымен, жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту мақсатында, ауыл жастарының өз кәсібін жүргізіп отырған кәсіпкерлермен кездесу болып өтті. Кәсіпкер ағалар жастарға өз тәжірибесімен бөлісіп, өз ісін бастаудың қыр сырларын үйретті. Жастар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.
Мұндай тиімді тәжірибе алдағы уақытта жалғасын табады.