Канал суға толды

Screenshot_2.jpg

Жетісайлық шаруалар ағын судан тапшылық көріп жатқан жоқ. Қазіргі таңда аудан бойынша 10 мың гектар ақ алтын алқабы суарылған.  «Достық» және «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» атындағы каналдарынан секундына 52 текше метр ағын су келуде. Бұл көлем шаруалардың сұранысын толық қанағаттандырып отыр дейді Жетісай аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Марат Әбуов. Оның айтуынша, 52 текше метр судың 20 текше метрін «Тіуелсіздіктің 20 жылдығы» каналы берсе, қалған көлем «Достық» каналының еншісінде.

Мәселен, Қазыбек би ауыл округінің шаруалары тәулігіне 98 гектар мақта алқабын суарып үлгеруде. Ал жалпы суарылған алқап 665 гектарды құрайды. «МАК» шаруа қожалығының төрағасы Мұхтар Ботабековтің 17 гектар мақта алқабына су жібергеніне бүгін 3 күн болыпты. «Ағын судан тапшылық жоқ. Каналда су жеткілікті. Қазір біз жаппай суаруды бастап жібердік. Алдағы аптада мақтаның бірінші суын беріп бітеміз» дейді Мұхтар Ботабеков.

Биыл бұл қожалық мақтадан бөлек, 3,5 гектар жерге «Жиенбай» қауынын егіпті. Ашық грунтта егілген қауын алдағы аптада толығымен пісіп жетілмек.

Мақта алқаптарын суаруда Жаңаауыл ауыл округінің шаруалары да алда келеді. Бүгінге дейін мұнда 842 гектар ақ алтын алқабы суарылған. 

Мамандардың мәліметінше биыл Жетісай ауданында 45 мың 100 гектарға мақта егілген. Ақ алтын алқаптар енді шөлдемейтін болды. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Облыста ішкі туризм дамуда
  • Ордабасы ауданында сауықтыру туризмі дамиды
  • Ясауи кесенесі 200-ге жуық шаммен жарықтандырылады
  • Түркістан облысында 1200 басқа арналған жаңа сүт фермасы салынып жатыр
  • Түркістан облысында 134 өзен – көлде балық өсіріледі