Экономикалық аймақ ашылады

Screenshot_13.jpg

Түркістан облысын дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспарына бөлінетін қаржы көлемі 1,2 триллион теңгеге артты. Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезекті 31 сессиясында мамандар мәлімдеді. Сонымен қатар сесссияда өңірдің алдағы екі жылдық бюджетіне де өзгеріс енгізілді.

Кезекті сессия отырысында 19 мәселе қаралды. Алдымен облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының қоршаған ортаны қорғау, су ресуртарын тиімді пайдалану бойынша атқарған жұмысының есебі тыңдалды. Ол бойынша басқарма басшысымен бірге тұрақты комиссия төрағасының орынбасары да баяндама жасады.Бізде қоршаған ортаны қорғау саласында көңіл бөлуді қажет ететін мәселе көп. Тек өткен  3 жылдың  ішінде 1021 заңбұзушылық орын алған.

Ал, осы сессияда тағы өзгеріске ұшыраған кешенді жоспарға сәйкес Түркістанда алдағы 5 жылда елеулі істер атқарылады. Біріншіден облыс орталығы өндірісі өркендеген, алып шаһарға айналады. Ол үшін қаладағы индустриалды аймақ үлкейіп қала маңынан тағыда арнайы экономикалық аймақ ашылады. Екіншіден Түркістан логистикалық орталыққа айналады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін халықаралық сауда орталығы салынады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды