Жас кәсіпкерлерге сертификаттар табыс етілді

Screenshot_9.png

Түркістан облысында «Жастар жылы» аясында жастарды кәсіпкерлікке оқыту, өз ісін ашудың  қыр-сырын үйрету бағытында көптеген жұмыстар атқарылуда.  Өңірдің аудан, қалаларында жастар арнайы курстан өтіп, сертификаттар алды. Қазір өз ісін ашып жатқандар да бар. 

Жуырда Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының екінші бағыты «Бастау бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсы аясында «Жас кәсіпкер» жобасының 80 қатысушысына сертифкаттар табыс етілді. Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Сертификаттарды табыс еткен "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының Сарыағаш аудандық филиалының директоры А.Мусабеков жастарға сәттілік тіледі. Кәсіпкерлер берілген сертификат арқылы «Бастау Бизнес» бағдарламасы аясында қайтарымсыз грант немесе жеңілдетілген несие ала алады. Өздеріңізге белгілі елімізде 2019 жыл – «Жастар жылы» деп жарияланды. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіп бастап, өзінің бағытын тауып, табысты жұмысты болғысы келетін жастарға қолдау көрсетуді қолға алып, табысты іске асырып келеді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды