Кадрлық іріктеуге 96 азамат қатысты

Screenshot_13.png

Елбасы, партия төрағасы Н.Назарбаевтың 2019 жылғы 21 тамыздағы «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында айтылған «Сенім, Диалог, Болашаққа нық қадам» атты партияның 7 серпінді бағдарламасына сәйкес еліміз бойынша пилоттық жоба ретінде партиялық кадрлық резервіне іріктеу жұмыстары Түркістан облысы, Түлкібас ауданында ұйымдастырылды.  

Алғаш рет өткізіліп жатқан жобаның ұйымдастыру жұмыстары жоспарға сай, кезең –кезеңімен атқарылды. Филиалға қарасты 23 бастауыш партия ұйымның мүшелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ашық және әділетті түрде кандидаттарды тіркеу жұмыстары талапқа сай атқарылды. Іріктеу жұмыстары партияның орталық аппараты бекіткен нұсқаулыққа сай атқарылып, бастауыш партия ұйымына қарасты 6008 мүшесіне тіркелген кандидаттар таныстырылып, ұсынылды. Жалпы партияның кадрлық іріктеу жұмыстарының нәтижесі бойынша аудан тұрғындарының арасынан 96 азамат қатысты. Оның ішінде түрлі ұлт өкілдері, көп балалы аналар, жастар мен зейнеткер тіркелді. Тіркелген кандидаттар өздерінің бағдарламалары мен ұсыныстарын таныстыру үшін ауданның әр ауылында болып, партия мүшелерімен кездесулер мен дебатттар өткізді. Сонымен қатар, әлеуметтік желілер мен жергілікті газеттерде үміткерлердің өмірдерегі мен бағдарламалары жарияланды.

Тіркелген үміткерлер дауыс беру ауданның 15 аумағында өткізілді. Дауыс беру ашық және еркін түрде жүргізілді. Пилоттық жоба ретінде өткізілген партияның кадрлық резерві ауданның белсенді азаматтарын бір арнаға топтастырып, халыққа ықпалды партия екендігін көрсетті.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды