Қариялар киелі жерлерге тәу етіп қайтты

Screenshot_25.jpg

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының қариялары киелі жерлерді аралады. Зейнет жасындағы аудан тұрғындары Түркістан және алаштың төртінші астанасы болған Сыр өңіріндегі киелі жерлерге сапар шегіп, онда жатқан бабалар рухына тағзым етіп қайтты.

Елдің болашағы үшін барын салып аянбай еңбек еткен ардагерлерге құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылған сапар аудан әкімі М.Отаршиевтың мұрындық болуымен ұйымдастырылды. Сарыағаш өңірінің ардагер-қариялары түркі әлемінің астанасы сапарларын Ахмет Яссауидің әкесі, Сайрамның солтүстік-шығысында орын тепкен- Ибрагим ата кесенесінен бастады. Сонан соң, XIX ғасырда бой көтерген Қарашаш ана кесенесіне барып, түс ауа мұсылман қауымы үшін киелі орын саналатын әрі Алаш жұртының зиярат ететін қасиетті мекені Арыстан бабтың кесенесiне ат басын тiредi. Рухани сапар барысында кесене жанындағы емдеу қасиеті бар құдықтан су ішіп, Арыстан баб бабаның тарихымен танысты. Діттеген жерге шаршамай жеткен зияратшылар арнайы мал шалып, баба рухына құран бағыштады. Мұнымен қоса, Қожа Ахмет асауидің және Қорқыт ата кесенелерінде болып, «Оқшы ата» мазаратын көріп қайтты. Сапар барысында қасиетті топыраққа жерленген қазақтың игі жақсыларының рухына тағзым жасады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды