"Nur Otan" партиясының бастамасымен өңірлерде өткізіліп жатқан «Менің Туым, менің Отаным!» патриоттық акциясы Сайрам ауданында жалғасын табуда. Патриотизмді насихаттау мен ел азаматтарының мемлекеттік туымызға терек құрмет сезімін қалыптастыруға бағытталған акцияны алғашқы болып "NIK" сауда орталығы қолдап, сауда орталығында көк байрақ орнатылды. Түркістан облысы аумағындағы білім ордаларынан алғашқы болып аудандағы Оңтүстік Қазақстан индустриалды-инновациялық кoлледжінің ұжымы Еліміздің көк байрағын оқу ғимаратында орнатты. Партияның бастамасын А.Исмайлов атындағы кәсіптік колледжі, Гуманитарлық агроэкономикалық колледжі, "Ақсукент" көпсалалы колледжі, Д.Қонаев атындағы кәсіптік колледждері қолдап, көк байрағымызды оқу ғимараттарында салтанатты түрде орнатты. Оқу орындарының басшыларының Көк Ту жастарға рухани дем береді деп есептейді. Аталмыш шара сондай-ақ әлемдегі көрікті Тулардың қаратына жататын байрағымызға құрметпен қарауға септігін тигізуде. Аталған ұжымдар акция барысында Көк тУды іліп қана қоймай жастарға Тумыздың тарихы және оның авторы туралы мәліметтерді де беріп өтті.
Көк Туымыз желбіреді
Жарнама орны (6) |