Арыстың теміржолы жаңа кейіпке енеді

Screenshot_12.jpg

Арыс қаласы – Орта Азия қақпасы, тоғыз жолдың торабы атанған теміржолшылар кенті. Мұндағы теміржол – шағын ғана қаланың үлкен мақтанышы. Халқының басым көпшілігі шойын жол саласында қызмет етеді. Елдіктің туын көтеріп, еліміздің дамуына сүбелі үлес қосқан әрбірінің еңбек жолы теміржолмен тамырлас. Қазақстанның заманауи экономикасының қалыптасуында теміржол көлігінің маңызы зор екенін ескерсек, биыл Арыс қаласының 1-теміржол вокзалына 115 жыл толып отыр. 

Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша ағымдағы жылдың 24 маусым күнгі болған төтенше жағдайдан кейін көне ғимарат зақымданған болатын. Жылдар бойы талай жолаушыға жол сілтеген ғимарат бүгінде жаңа кейіпке енді. Қала өміріндегі тарихи және стратегиялық маңызы бар 1-теміржол вокзалына «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді. Іргетасы 1904 жылы қаланған көне ғимараттың іші-сырты толық жаңғыртылды. Ең бастысы, ғимараттың тарихи сәулеті сақталып, ұрпаққа көне жәдігерлердің бірі болып қалмақ.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды