Сайрамда қазандық өндіріледі

Screenshot_16.jpg

Сансыз баптар мекені Сайрам ауданында кәсіпкерлік саласы айтарлықтай дамыған. Егін, мал шаруашылығын айтпағанда өңірде мемлекеттің көмегі арқылы кәсіп ашып, жергілікті тұрғындарға екі қолға бір күрек тауып отырған кәсіпорындар жеткілікті. Мұнда тіпті қазандық та шығарылады. 

    "ART сапалы құрылыс" ЖШС  түрлі көлемдегі жылу қазандықтарын дайындаумен 2008 жылдан бері  айналысып келеді. 2010 жылы өндіріс орнының мамандары тұңғыш рет қуаттылығы сағатына 300 киловаттық жылу қазағындығын жасап, жүзеге асырған. Бүгінгі таңда АRT Сапалы Құрылыс компаниясы Түркістан облысындағы белді өндіріс орны саналады. Мұндағы өнімдер еуропалық өндірушілердің технологиясы бойынша жергілікті білікті мамандардың күшімен жасалынуда. Өндіруші жылу қазандықтарын монтаждап, қондырып, іске қосып және 2 жыл кепілдік береді. Бүгінгі таңда отандық жылу қазандықтары өңіріміздегі бірқатар коммерциялық, әлеуметтік (мектеп, аурухана, жылыжай, тұрғын үй кешендері) нысандарға орнатылған. Өндіріс орны 2,67 Га аумаққа орналасқан. 65 адам жұмыспен қамтылған. Кәсіпорын басшысы өнімімізге сұраныс жылдан-жылға артып келеді дейді. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды