Қарақат Әбілдина "НОСКИ" өндіретін зауыт ашты

Қарақат Әбілдина "НОСКИ" өндіретін зауыт ашты 

Бұл туралы caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әнші өзінің инстаграм әлеуметтік жазбасында:

"Бала кезімізде әжемнің "МАГАЗИНІНЕН" тек қана жамау "НОСКИЛЕР" киетінбіз. Жаңа носки деген түсінік жоқ. "НОСКИ" деген нәрсеге ешқашан көңіл бөліп қарамаппыз. Түсінікті болу үшін – жобалап есептеп көрейік.Қазір ешкім жамау кимейді.Қазақ елінде 18 миллион адам бар делік. Әр адам 1-жылда 50-парноски алады делік. 18 000 000Х50=900 000 000 миллион носки болады екен. Енді әр носки =500-теңгеден деп есептесек ,-900 000 000х500=450 000 000 000 миллиард! Бұл дәл болмаса да, біздің нарықта жылына 300-миллиардқа жуық,-сіздер мен біздердің қаражатымыз айналады екен. Ең өкініштісі-"НОСКИДЕН" түсетін осы қомақты қаражат,- біздерге носки әкеліп сататын - қытай, түрік, европа сияқты шет елдерге кетіп жатқанына 28-жыл болды. Тек носкиден біздердің игілігіміз бен дамуымызға жұмсалатын қаншама триллондаған қаражат суша ағып шет елдерге кетіп жатыр? Өз қаражатың,өз нарығыңда айналмаса,тұтынушы ел болып отыра берсек,-экономикаң ауру мал секілді,-ешқашан қоңданбайтыны анық!  Сондықтан қолымыздан келгенше,өзіміз әрекет жасайық. Бқл нарықтың талас-тартысы! Ешкім күн астындағы орынын бергісі келмейді.

Табаны күректей 28-жыл бойы нарығымызды рекламасымен,тауарымен әбден жаулап алған "ҚОНАҚТАР",орындарын босатпайды. Ел де, жер де бізді болса да.10-шақты жыл бұрын осы сеңді бұзу үшін-БАЛБАЛА интерактивті ойыншықтар , енді носки" өндірісі,бренд жасауды бастадым. Кәсіп таппағаннан емес,отандық өнімдерді бастау үшінәрине жалғыз өзім тау қопар алмаспын,-елім бар. Көп түкірсе –көл. Өз өнімдерімізді өздеріміз қолдануымыз қажет! Біржолата тұтынушы ел болып ,"БОДАНДЫҚТА" қалуға еш болмайды! Сондықтан бәріміз басымызды қосып,бұл бірлікпен ғана алынатын қамал. Осы жолда -әр қазақ өз үлесін қосуға міндетті деп санаймын! Өндіре алмасаң- отандық өнімді сатып ал! ТОЙОТА машинасын жапондықтар өздері сатып алған.Тек жапондық машина мінуді өзінің отан алдындағы парызы деп санаған. Бүгінде ТОЙОТА ілемнің барлық елінде сатылып, машина сатудан әлем нарығының 50-пайызын иеленіп отыр.

Қаншама батыр болса да жауға салма жалғызды. Қаншама шешен болса да - дауға салма малсызды!  

Бас қосайық-бірігейік бауырлар!" - деп пікір қалдырды.
Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды