"Сергек" белдік тақпағандар мен телефонмен сөйлескендерге айыппұл сала ма?

"Сергек" белдік тақпағандар мен телефонмен сөйлескендерге айыппұл сала ма?

                      

Бұл сауалға бүгін әкімдікте өткен арнайы баспасөз мәслихатында "Сергек" жобасын басқару жөніндегі директоры Бибігүл Әйтікенова жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол қалада жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған "Сергектің" 400 аппараттық және бағдарламалық жүйелері іске қосылғанын айтты.

Бибігүл Әйтікенованың айтуынша, бұл аппараттық-бағдарлама кешені Алматы қаласы полиция департаментімен келісілген жолдағы заңбұзушылық түрлерін тіркейді.

Атап айтқанда, бұл: жылдамдықты асыру; тыйым салынған бағдаршам түсіне жүру; жол белгілеріне қатысты талаптар, тоқта-сызығын басу; қоғамдық көліктерге арналған арнайы жолаққа шығу. Сонымен қатар, "Сергек" жүйесі кейбір реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінің алдындағы жылдамдықты қадағалап, тіркейді. Осы жағынан алғанда, "Сергек" қауіпсіздік белбеуін тақпағаны немесе телефонмен сөйлескені үшін жүргізушіге айыппұл жаза алмайды.

- Бұл заңбұзушылықтарды "Сергек" көре алады немесе көре алмайды дегенде емес мәселе, негізінен, жүйенің түсіру сапасы жақсы. Ол белдікті байламағанды да, телефон ұстағанды да түсіре алады. Бірақ бұлар жүйе тіркеуі тиіс тізімде жоқ нәрсе. Сондықтан ол үшін "Сергек" айыппұл жолдай алмайды, - деді Бибігүл Әйтікенова.
Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/
Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды